«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттар қабылданатынын жариялайды.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 215, тел. 8(7112)535833, 8(7112)513357, ok_spasr_zko@emer.kz
Өрт сөндіруші-құтқарушысы – 8 бірлік
Санаты С-SV-13. Лауазымдық жалақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты 168 440 теңгеден 225 407 теңгеге дейін. Келесідей әлеуметтік пакет бар: тұрақты және уақтылы еңбекақы, еңбек өтіліне және арнаулы шеніне байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін көбейту, мансаптық өсу, БҚО ПД емханасында қызметкерлер мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, күнтізбелік отыз күн (демалыс ұзақтығы еңбек өтіліне қарай ұлғаяды) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 48 жастан зейнеткерлікке шығады.
Функционалдық міндеттері: өрт сөндіру, адамдарды құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өрт-техникалық жабдықтарды ақаусыз күйде ұстау.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.
Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 17-бабына сәйкес. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктерді құруға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;
8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;
9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.
Қызметкердiң сенiмгерлікпен басқаруға берiлген мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар түрінде табыс алуға, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сәйкес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Ескертпе: Заңда 12-баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.
12-баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не 12-баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не 12-баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.
Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Іріктеуге қатысатын үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөліміне хабарландыру шыққаннан кейін құжаттарын тапсыруы қажет.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:
1) бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған);
4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3,5х4,5 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 12 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында жүргізеледі.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін (C-SV-13) категориясы бойынша үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:
Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер Ақтөбе қаласындағы ҚР ТЖМ АҚА Оқу орталығына алғашқы кәсіптік дайындықтан өту үшін жіберіледі.
Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығынды (байқау өткізілетін жерге жету және кері қайтуға жол шығыны, тұрғын үй жалдау, тұру) азаматтардың жеке қаражаты есебінен шығарады.