Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі-Департамент) аумақтық бөлімшелері аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетіне дайындау және оқыту, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік проблемаларына жауапты қарауға тәрбиелеу, өмір қауіпсіздігінің мән-жайлары туралы, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және психологиялық даярлығы туралы білім деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Осы мақсатта облыста «Жас құтқарушы» үйірмелері жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасымен 2022-2023 оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубтарымен (үйірмелерімен) жұмысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және келісілді.
2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарының базасында 885 баланы қамтитын 59 «Жас құтқарушы» үйірмесі құрылды және жұмыс істейді.
Жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде «Жас құтқарушы» үйірмелерінің слеттері өткізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Нарымбетовпен 2023 жылдың 22 сәуір күні «Жас құтқарушы» облыстық балалар мен жасөспірімдер жарысының ережесі және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Жоспарға сәйкес 2023 жылдың 31 мамыр-2 маусым күндері жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жанжақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау мақсатында облыстық «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.
Жарыстар өрт-құтқару спортының барлық бағыттары және құтқару дағдыларына үйрету бойынша өткізіледі, атап айтқанда: «Команданы таныстыру», «Қабырға газеті» байқаулары және «Өрт эстафетасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдандағы құтқару жұмыстары» қашықтықтары бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша 12 команда арасында тартысты сайыста Орал қаласы, №40 ЖОББМ-нің жас құтқарушылары жеңіске жетті. Бәйтерек ауданының командасы екінші жүлделі орынды иеленсе, Қаратөбе ауданының командасының жас құтқарушылары үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараға облыстың 11 аудан және Орал қаласынан барлығы 107 қатысушы қатысты (2022 жылы 6 команда қатысты).
«Жас құтқарушы» үйірмелерінің қалалық слетін ұйымдастыру бойынша Орал қаласының ТЖБ ауқымды жұмыс жүргізді. Іс-шараға қаланың 16 мектебінен командалар қатысты.
«Жас құтқарушылар» үйірмелерінің 2022-2023 оқу жылында атқарған іс-шаралары мен дайындық деңгейін қорытындылай келе, үйірмелердің жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында келесі шаралар ұйымдастыру ұсынылады:
Осы іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасы құтқарушы мамандығының беделін арттыруға көп улес қосты, сондай-ақ жарыс оқушылар арасында жоғары морально-психологиялық қасиеттерді қалыптасуына және дамуына, жеке қауіпсіздігіне және қоршаған орта қауіпсіздігіне саналы және жауапты қатынасқа жол береді, сондай-ақ оқушылар арасында теориялық білімді және тәжірибелік дағдылануды жақсарту үшін септігін тигізеді.
Төтенше жағдайларды жою басқармасы