«ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр қызметі туралы бос лауазымдарды жинақтау, біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша ақпарат

«Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ()Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-қызмет) кадр және тәрбие жұмысы бөлімімен кадрларды сапалы іріктеу, орналастыру, жеке құрамды олардың біліктілігін арттыруға оқыту, бағынысты бөлімшелерде заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша белгілі бір жұмыс атқарылды.
2023 жылы ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясын күндізгі бөлімін сәтті бітіргеннен кейін қызмет бөлімшелеріне орта және аға басшы құрам лауазымдарына 5 түлек тағайындалды.
Қатардағы және кіші басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау үшін ҚР ТЖМ қызметкерлерінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған бастапқы кәсіптік даярлау курстарының кестесіне сәйкес Ақтөбе қаласының оқу орталығында БПҰ - да 34 кандидат оқытылып, келесі санаттар бойынша қызметке қабылданды: «өрт сөндірушілер» - 22, «жүргізушілер»- 11, «радиотелефоншы» - 1.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында ҚР ТЖМ қызметкерлерін бастапқы кәсіптік даярлау курстарының кестесіне сәйкес Ақтөбе қаласының оқу орталығында «өрт сөндірушілер» санаты бойынша - 8 тыңдаушы, «жүргізушілер» санаты бойынша - 8 кандидат, «радиотелефоншылар» санаты бойынша - 3 кандидат оқытылды. Қазіргі уақытта «өрт сөндірушілер» санаты бойынша іріктеудің барлық кезеңдері өтіп, Ақтөбе қаласының оқу орталығының тыңдаушылары 15 кандидатты қабылдады.
Сондай-ақ, «жүргізушілер»санаты бойынша үміткерлерді іріктеу бойынша дайындық іс-шаралары жүргізілуде.
Әртүрлі лауазымдарға қалпына келтіру материалдары келісіліп, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы 10 қызметкері мен әскери қызметшісі тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында № 29 қызметтің жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жасақталуы штат санынан 37 бірлікті (56%) құрайды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 
2023 жыл ішінде біліктілікті арттырудан өткендер: ҚР ТЖМ М. Ғабдуллина Азаматтық қорғау академиясында 2 қызметкер («ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы, ӨСБҰБ бастығы санаты бойынша) және Ақтөбе қаласының оқу орталығында                      14 қызметкер (ауысым басшылары (қарауыл бастықтары) санаты бойынша - 4 қызметкер, МӨСБ (ӨСБ) бастықтарының орынбасары санаты бойынша - 2,  МӨСБ (ӨСБ) бастықтары санаты бойынша - 2,  бөлімше командирлері - 5, ӨСБ қызметкерлері - 1).
Ақтөбе қаласының оқу орталығында Қызметтің қызметкерлері әртүрлі санаттар бойынша 10 мен ЖҚЖ - 11 қызметкерін қайта даярлау (газ – түтіннен қорғаушыға – 12, өрт сөндірушіге - 4, жүргізушіге -5).
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясында қызмет бастығының                                2 орынбасары біліктілігін арттырудан өтті. Разряд толық көлемде орындалды.
Дата публикации
08 ноября 2023