Шомылу маусымының қорытындылары туралы

Батыс Қазақстан облысының су айдындарында ТЖ туындау қаупін азайту жөніндегі іс-шаралар кешені алдын ала басталды.

Мәселен, 2023 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселесі ТЖ алдын алу және жою бойынша облыстық комиссия отырысында ағымдағы жылдың 25 сәуірінде облыс әкімінің төрағалығымен қаралды, онда Орал қаласы және аудандар әкімдіктеріне, мүдделі ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі №104-ө өкімімен «Облыс су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді
іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ – 2023» ведомствоаралық акциясының жоспары бекітілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы
№22 «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілді (№192 31.08.2023), шомылуға арналған 31 орын (жағажайлар) анықталды.

Ағымдағы жылы шомылу үшін 26 (2022 жылдың қорытындысы бойынша – 22, +15%) рұқсат етілген шомылу орны анықталды, оның ішінде 8 коммуналдық (2022 ж.–4, +50%) және 18 (2022ж.-18) жеке жағажайлар.

Анықтама: Аудандар мен Орал қаласы бөлінісіндегі коммуналдық/жеке жағажайлар: Орал қаласы-3/5, Бәйтерек ауданы-0/11, Бөрлі ауданы-1/1, Теректі ауданы-0/1, Тасқала ауданы-3/0 және Жәнібек ауданы-1/0.

Ақпараттық-профилактикалық жұмыс шеңберінде 1000-нан астам
іс-шара өткізілді (1030 сөз сөйлеу және жарияланымдар).

Анықтама: 24 брифинг (2022ж.-20, +17%). Теледидар арқылы 154 сөз сөйлеу жүзеге асырылды (2022 ж.-133, +14%) және радиодан 135, (2022 ж.-126, +7%) баспа басылымдарында 137 мақала шығарылды (2022 ж.-118, +14%), мобильді қосымшалар арқылы әлеуметтік желілерде 497 жарияланым жарияланды (2022 ж.-425, +14%), ТЖД Instagram парақшасында 47 тікелей эфир өткізілді, «Дармен» қосымшасының қаражаты бойынша хабарландыру – 36 жарияланым.

Халық арасында 47 мыңнан астам (47126) (2022ж.–45074, +4%)
үгіт материалдары таратылды.

Шомылу кезеңінде күн сайын «мас күйінде шомылуға тыйым салынады», «белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым салынады», «балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз» деген үш нысан бойынша СМС тарату ұйымдастырылды, барлығы 200-ден астам хабарлама (273 СМС) таратылды.

2976 (2022ж.–2567, +14%) рейдтер мен патрульдер өткізілді, барлығы
7244
адам жұмылдырылды, нәтижелері бойынша 64 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықтама:

 - ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша – 17 адам (2022ж.-12).

- ҚР ӘҚБтК 364 бабы бойынша – 15 адам тартылды (2022ж.-29).

- ҚР ӘҚБтК 440 бабы бойынша – 32 адам (2022ж.-23).

         Бір ресми жағажайда адам өлімі тіркелді. Шомылу арналған ресми орында адамның қаза болу фактісі бойынша  жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 15 бұзушылық анықталды. Заңды тұлға («Алим» ЖК) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 250 теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді (қысқартылған өндіріс тәртібімен).

Алдын ала қабылданған шаралардың арқасында шомылу маусымында адам өлімін 7% - ға, ал балалардың өлімін 33% - ға азайды. 2023 жылғы шомылу маусымында 14 адам суға батып кетті, оның ішінде 4 бала (2022 – 15/6).

2023 жылғы шомылу маусымында 14 адам суға батып кетті (-7%), оның ішінде 4 (-33%) бала (2022 ж. – 15 адам, оның ішінде 6 бала).

Анықтама:

2023 жыл: Орал қаласы-7 адам, Бәйтерек ауданы-3 адам, Ақжайық ауданы –
3 адам және Бөрлі ауданы-1 адам.

2022 жыл: Орал қаласы-3 адам, Бөрлі ауданы-1 адам, Бәйтерек ауданы-4 адам, Теректі ауданы – 4 адам, Қаратөбе ауданы-1 адам және Шыңғырлау ауданы – 2 адам.

2023 жылғы су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың негізгі себебі:

- мас күйінде шомылу-6 адам (2022 ж.-4), 33%-ға ұлғайу;

- жүзу құралдарымен жүзу кезінде -2 адам (2022 ж.-0), 100%-ға ұлғайту;

- ересектердің қарауынсыз - 3 адам (2022 ж.-0), 100%-ға ұлғайту;

- өз күштерін бағаламау - 2 адам (2022 ж.-6) 66%-ға кему;

- балық аулау кезінде (шаян аулау) - 1 адам (2022 ж. -0), 100%-ға ұлғайту.

Шомылу маусымының қорытындысы бойынша талдау жүргізілді.
2024 жылғы шомылу маусымында төмендегі іс шаралардың орындалуына ерекше назар аудару қажет:

- су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде жүргізу;

- облыстың су объектілерінде жаппай демалыс орындарының нақты иелеріне бекіту, коммуналдық жағажайларды ашу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет;

- облыс су айдындарының қауіпті, демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде қосымша және жаңартылған тыйым салу белгілерін орнату;

- облыс су айдындарының тыйым салынған және қауіпті учаскелерінде үнемі патрульдер мен рейдтер жүргізу.

Дата публикации
08 ноября 2023