Ықтимал жұқтыру аймағына түсетін халық үшін 2014-2023 жылдар кезеңінде жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 32 млн 659 мың 408 теңгеге 1205 жиынтық (4,8%) мөлшерінде жеке қорғаныс құралдары (газқағарлар) сатып алынды (2014 ж.-291 дана ГП-7; 2015 ж. – 45 дана ГП-7; 2016 ж. – 182 дана ГП-7; 2017 ж. - 150 дана ГП-7; 30 дана ГП – 21; 2018 ж.-97 дана (ГП - 21); 2019 ж.-100 дана. ГП-7Б; 2020 ж. - 135 дана ГП-7, 2021 ж.-100 дана ГП – 7, 2023 ж. - 75 дана).
ҚР ТЖМ 29.05.2014 жылғы № 260 «Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ЖҚҚ қажеттілігі (газқағардың 5% сәйкестігін ескере отырып) = 24927 дана. Бүгінгі күні халықтың газқағармен қамтамасыз етілуі 4,8% (1205 дана) құрайды.
2022 жылғы желтоқсанда түзету кезінде БҚО даму жоспарына жыл сайын 2025 жылға дейін жұқтыру мүмкіндігі бар аймақта тұратын тұрғындар үшін 500 жиынтық (газқағар) сатып алу жөніндегі іс-шаралар енгізілді. Осылайша, ағымдағы жылы 50 млн.теңгеге газқағар сатып алу көзделген. (2024 ж.-60 млн. тг., 2025 ж.-70 млн. теңге).