Мемлекеттік өрт бақылау

Облыс бойынша бақылаудағы мемлекеттік өрт бақылау объектілерінің саны барлығы 6 604 құрайды, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежелі объектілер - 1519 (-7,1%, 2022 ж. - 1635), орташа - 313 (2022 ж. - 0), төмен - 4772 (-0,6%, 2022 ж. - 4802).

2023 жылы 317 объектіге профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған, оның ішінде 1-ші жартыжылдығына – 241 (76%), 2-ші жартыжылдығына - 76 объект (24%).

2023 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 566 профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерістер  жүргізілді (-54,2%, 2022 ж. – 1236), оның ішінде: профилактикалық бақылау – 249 (-63,3%, 2022 ж. – ерекше тәртіп бойынша 680 тексеріс), жоспардан тыс тексерістер – 317 (-42,9%, 2022 ж. – 556), (оның ішінде 148 – ұйғарымдардың орындалуын бақылау бойынша, 151 - прокуратура органдарының талабы бойынша, 18 - шағымдар бойынша).

Барлығы 2500 бұзушылықтар анықталды (-32,5%, 2022 ж. – 3705) (оның ішінде: профилактикалық бақылау бойынша - 1693, жоспардан тыс тексерістер бойынша – 807).

Тексерістер санының азаюы мемлекеттік бақылау саласында жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты болып отыр.

Әкімшілік жауапкершілікке 376 тұлға тартылды (-54,6%, 2022 ж. - 829), оның ішінде айыппұл түрінде жалпы сомасы 5 295 750 теңгені (-79,2%, 2022 ж. –25 537 762,5) құраған 85 тұлға (-84,9%, 2022 ж. – 566), 291 тұлға ескертілді (+10,6%, 2022 ж. – 263).

4 433 250 теңге сомасына 80 айыппұл (94,1%) өндірілді.               862 500 теңге сомасына 5 айыппұл (5,9%) мәжбүрлеп өндіріп алуға жолданды.

Бақылау тексерістердің нәтижелері бойынша ҚРӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша 139 әкімшілік іс толтырылып сот органдарына қарау үшін жолданды (-45%, 2022 ж. – 253), олар бойынша жалпы сомасы 33 637 500 теңге айыппұл салынды.

2023 жылдың өткен кезеңінде Құқықтық статистика органдары профилактикалық бакылау және тексерістерді тағайындау туралы 5 актіні тіркеуден бас тартты (+25%, 2022 ж. – 4) (Орал қ., Бөрлі, Жәнібек, Теректі  аудандары).

Анықтама үшін: жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Дата публикации
06 ноября 2023