Жалпы конкурс
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы бекітілген № 289, 27 мамырдағы № 111 бұйрығымен енгізілген өзгертулерлерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:
С-О-5 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар бекітілмейді.
Жоғары білім бар кезде жұмыс өтілі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаттар |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
С-О-5 |
108305 |
146177 |
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ (бұдан әрі - Департамент), Орал қ., Абай даңғылы 90, 104-бөлме, пошта мекенжайы: 090000, Орал қ., Абай даңғылы 90, 104-бөлме, анықтама үшін телефон: 8(7112)51-27-02, факс: 8(7112) 51-39-35, эл.мекенжайы: ok_dchs_zko@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес қызметкерлерді іріктеуде конкурстар ұйымдастыруға; Департаменттің бөлімдерін қажетіне қарай уақытында сұратылған көлемдегі штаттық кестеге сәйкес, біліктілік пен мамандықтар бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз етіп отырудағы жұмыстарға қатысу; Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және қызметтік дайындығының өткізілуін, шектеулердің сақталуын бақылау; Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан уақытында өткізілуіндегі жұмыстарды ұйымдастыруға; Департамент қызметкерлерінің жеке және сандық есебін (ӘМҚ) жүргізуге; Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу; Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу. заңдылықты, қызметтік тәртіпті, еңбек тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын мүлтіксіз сақтау; қызметтік, еңбек тәртібін бұзушылық фактілері бойынша тиісті қорытындылар шығару; кәсіби, мәдени және дене шынықтыру деңгейін арттырумен жұмыстану; қызметтік уақытты неғұрлым тиімді пайдалану үшін жұмысты жоспарлы ұйымдастыру; Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; «Құқық» (құқықтану), «Білім» (педагогика және психология), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару,еңбекті ұйымдастыру және нормалау), «Техникалық ғылымдар және технология» (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) мамандықтары.
Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы (С-О-5) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2024 жылдың 21 тамызды қоса).
Функционалдық міндеттері: бастапқы және бухгалтерлік құжаттардың белгіленген нысан мен мазмұн бойынша уақтылы, дұрыс ресімделуін, сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша жасалатын операциялардың заңдылығын, бастапқы құжаттарды өңдеуді алдын ала тексеруді жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жазбаларды көрсету.
белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша берілген рұқсаттар шегінде қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын және олардың нысаналы мақсатын, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтардың олар сақталатын және пайдаланылатын орындарда сақталуын бақылау;
өнім берушіні енгізуге және міндеттемені тіркеуге өтінімді қалыптастыру, шарттар бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша Қазынашылық органдарына уақтылы аудару үшін банктік құжаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін төлем шоттарын ресімдеу және тіркеу, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау;
тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді, жеткізушілермен есеп айырысуды жүргізудің уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз етуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды бухгалтерлік есепте көрсету;
ай сайын шарттық ерекшеліктер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізеді 149, 153, 154, 159, 411, 412, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 429 жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттерді үнемдеу және артық жұмсау себептерін белгілейді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыруды жүргізеді және жүргізілген талдау негізінде бағдарламалар мен кіші бағдарлама бөлінісінде тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасау кезінде ұсыныстар береді.
бухгалтерлік есепті жүзеге асыруды, есептілік (мерзімді және жылдық) нысандары бойынша баланс жасауды, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есепті жасауды және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына ұсынуды қамтамасыз ету;
Департамент теңгеріміндегі активтерді беру, есептен шығару мәселелері бойынша рәсімдерді қамтамасыз ету және ТМҚ-ның заңды, уақтылы және ұтымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Заңдылықты, қызметтік және еңбек тәртібін, құпиялылық режимін және жұмылдыру дайындығын сақтау:
заңдылықты, қызметтік, Еңбек және орындаушылық тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік қызметші этикасын мүлтіксіз сақтау;
құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде қызметтік және еңбек тәртібін, құпиялылық режимін бұзу фактілері бойынша тиісті қорытындылар;
кәсіби, мәдени және спорттық деңгейін арттыру бойынша жұмыс;
қызмет уақытын тиімді пайдалану үшін жұмысты жоспарлауды ұйымдастыру;
хаттарды, шағымдарды және өтініштерді қарау, жауаптарды уақтылы дайындау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандықтары.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы (қосымша беріледі) өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет пен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (қосымша беріледі);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2020 жылғы
2 наурыздағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Департаментте өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
С-O-5 санаттар үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған тест өткізу бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі (мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика қағидалары) (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
Барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы С-O-5 санаттар үшін: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.
Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
______________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) 1 |
цветное фото, 30х40 мм |
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория |
|
|
ЖСН / ИИН 1 |
|
Туған кезі / Дата рождения |
|
||||
|
Туған жері / Место рождения |
|
||||
|
Ұлты / Национальность |
|
Білімі / Образование |
|
||
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||||
|
Мамандығы / Специальность |
|
||||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|
||
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
|
||||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ Результаты специальной проверки
|
|
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|
||
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|
||
|
Жалпы еңбек өтілі / |
|
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|
||
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
|
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|
||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
||||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
||||
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):___________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)
Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год «__» _____________ айы / месяц