
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы мен Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Текелі қаласындағы №4 орта мектептің кадет сыныбы және 9–11 сынып оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбие сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты – жастардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөзді түсіндіру. Оқушылармен пікір алмасу барысында олардың еліміздің дамуына қосатын үлестері туралы ойлары тыңдалды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Дені сау, тәрбиелі, патриот жастар – Қазақстанның жарқын болашағы!
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі