Алғашқы медициналық көмектің озық әдістері

Алғашқы медициналық көмектің озық әдістері

Қызыл Жарты Ай өкілдері мен Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары арасында кездесу өтті. Бұл іс-шара барысында ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсетудің негізгі дағдыларын үйретуге басты назар аударылды.

Кездесу аясында Қызыл Жарты Ай мамандары алғашқы медициналық көмектің маңызды аспектілерін қамтитын қарқынды жаттығулар өткізді. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістері мен жаңа тәсілдері, соның ішінде жүрек-өкпе жан сақтау дағдылары және нәрестелер мен  балалардың жан сақтау техникалары туралы білді.

Оқу сессиялары нақты сценарийлерге бағытталған, бұл қатысушыларға теорияны оқып қана қоймай, практикалық  тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік берді.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі