LED экрандары құтқарушыларға көмек

LED экрандары құтқарушыларға көмек

Жетісу облысы ТЖД судағы қауіпсіздік және балалардың ашық терезелерден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық шаралар өткізуде.

Қауіпсіздікті арттыру мақсатында, мамандар қаладағы баннерлерге қажетті ақпаратты орналастырды.

Бұл шаралар балалар мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелерін және ашық терезелерден құлаудың алдын алу жолдарын түсіндіреді.

Барлық тұрғындарды осы ақпаратты мұқият оқып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне назар аударуға шақырамыз.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі