
Жетісу облысы ТЖД «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен бірлесіп, Қора, Бүйен, Ақсу, Сарқан, Басқан және Лепсі өзендерінің бассейндерінде аэровизуалды тексеру жүргізді.
Тексеру барысында, 3500 м-ге дейінгі биік таулы аймақта қар жамылғысы толығымен ерігендігі, ал 3600 м-ден жоғары биіктікте төмен температуралық фон әсерінен мұздықтардың еру процесі баяулағаны анықталды. Мореналық көлдердің толуы штаттық режимде өтуде, гидрометеорологиялық жағдай тұрақты.
Дегенмен, сел қауіпті кезеңінің жалғасуына байланысты, ТЖД азаматтарға қолайсыз ауа-райында таулы аймақтарға шықпауға және барлық сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі