
Алакөл көлінің жағасындағы осындай іс-шаралар қауіпсіздік деңгейін арттыруға және демалушыларды суда жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардар етуге бағытталған.
Іс-шаралар барысында азаматтарды ықтимал қауіптер туралы белсенді түрде хабардар етіп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы жеткізеді.
Демалушылар суда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, қауіпті жерлерді қалай тануды, өздерін және жақындарын суда қауіпсіз демалумен қамтамасыз етуді үйренді.
Сондай-ақ, әрбір демалушыға барлық маңызды ережелермен танысуға болатын ақпараттық жадынама табыс етілді.