Қысқы кезеңде Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі халықты Төтенше жағдайлардан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, яғни қиын жағдайда жазатайым оқиғаларға жол бермеу болып табылады. Құтқарушылар қарлы боранда қалып қалған азаматтарды құтқару үшін үнемі шығып отырады.
Осылайша, Жетісу облысы Талдықорған қаласында қысқы мезгілде автожолдарда қар құрсауынан және басқа да ауа райына байланысты туындаған қолайсыздықтардан жүргізушілерді құтқару жұмысына белсене қатысқан құтқарушылар облыс әкімінің құрмет грамотасы мен сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі