
Жеңіс күніне орай Жетісу облысы ТЖ департаменті арнайы техника мен жабдықтар көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің жас қатысушылары өздерін нағыз өрт сөндірушілер сезініп, өрт сөндірушілердің киімдерін киіп көрді, арнайы техниканы мұқият зерттеп, өрт сөндіру көліктеріне отырып көру мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында азаматтарға судағы және өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық жадынамалар табыс етілді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі