Қауіпсіздік үшін бірге

Қауіпсіздік үшін бірге

Жыл сайын республика бойынша балалардың отпен ойнаудың еркелігі нәтижесінде 500-ден астам өрт тіркеледі, соның салдарынан адамдар жарақат алып, қаза табады.

Тек Жетісу облысында жыл сайын 50-ден астам өрт орын алады, оның себептері балалардың отпен ойнауының еркелігі.

Осыған орай, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқушылар мен бала-бақша тәрбиеленушілердің ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында Талдықорған қаласының балабақшаларында «Қауіпсіздік үшін бірге» атты акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты - балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды түсіне отырып, отпен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сондай-ақ, нұсқамалар, ашық есік күндері, дәрістер мен таныстыру әңгімелері өткізіледі.

Осыған байланысты, құрметті оқушылар тәрбиеленушілер, тұрмыста да, білім беру (бала-бақшада) мекемелерінде де өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз:

- сіріңкелермен, жанғыш сұйықтықтармен және жарылғыш материалдармен ойнамаңыз;

- үйден шыққан кезде барлық электронды құрылғылардың өшірілгенін, газ бен суды өшіргенін тексеріңіз;

- тамақ жасап біткеннен кейін газ құрылғыларын өшіргеніңізге көз жеткізіңіз;

- өртке ықпал етуі мүмкін болатын қоқыстарды, әсіресе жинақталған шыны заттарды балкондарда (лоджияларда) қалдырмаңыз;

- Өрт анықталған жағдайда «101» және «112» телефон нөмірлері бойынша құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;

Ұсыныс ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерімен, сондай-ақ өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдармен танысу үшін «4D қауіпсіздік әліпбиі» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуды сұраймыз.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі