Жетісу облысында 68 адам эвакуацияланып құтқарылды.

Жетісу облысында 68 адам эвакуацияланып құтқарылды.

16 ақпан күні Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңында 1959 жылы туған Қытай халық Республикасы азаматын іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол сағат 05:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақши аулы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Нұрмұхамбетов Азамат, Ахметқалиев Еламан, Ибраев Алмас мен полиция қызметкерлері дереу шықты. Сағат 17:35-те малшы Бұлақты ауылының маңында орналасқан теміржолдың рельстерінде тұрған вагонның ішінен табылды. Азаматтың қолдары мен аяқтары үсіп қалған. Полиция қызметкерлері күштерімен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, аталған күні сағат 21:15-те «Сарыөзек-Көктал» облыстық автожолында қар құрсауынан 67 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала және 1 жүкті әйел.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Баймендинов Қанатбек, Сейітқұлов Азамат, Бейбітұлы Бекзат, Әлішер Мәлікұлы, Әли Маратұлы, Айбек Айдарұлының қызметкерлері дереу аттанды. Сағат 21:15-те қабылданған шаралар мен 67 азамат эвакуацияланып, “Алтын-Емел” асуындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес еді. Қар құрсауында тұрып қалған автокөліктерді «Қазавтожол» «Алтын Емел» асуына сүйреп апарып, одан кейін азаматтар өз бағыттарын жалғастырды. Бұл азаматтар автожол жабылмай тұрып осы бағытқа шығып кетті.

Азаматтардан ауа райының өзгеруін бақылап, алыс сапарға шыққанда сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Өңіріңіздегі дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

 

 Жетісу облысы ТЖД баспасөзқызметі