
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Афанасьевич және Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ринат Закиевич Карандашев облыстық «Жетісу» телеарнасының «Сегодня» телебағдарламасында тікелей эфирде жаңа жыл қарсаңында өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік шаралары сондай-ақ, қыс мезгілінде қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қысқы кезеңде жол қозғалысына қатысушылар үшін автожолдарда өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа жылдық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу тұрақты мониторингпен ерекше бақылауда.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында қысқы балық аулау әуесқойларына негізгі ұсыныстар айтылды.
Бағдарлама соңында қызметкерлер қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау ғана жазатайым оқиғалардың алдын алуға және болдырмауға көмектесетінін атап өтті.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі