Бірінші қыркүйек – білім күні және бұл күн мектеп жасындағы барлық балалар үшін мерекеге айналуы керек. Баланы мектепке дайындау, қажетті заттарды сатып алу – қымбатқа түсетін іс. Әсіресе, бірнеше бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін баланы мектепке дайындау бірқатар қиыншылықтар тудырады.
Елімізде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде. Бұл акцияға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық аумақтық және құрылымдық бөлімшелері мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі де атсалысты.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Акция аясында облыс бойынша 14 бала мектепке жиналды. Құтқарушылар қажетті мектеп формасын, оқу құралдары мен кеңсе тауарларын алуға көмектесті.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі