
"Қазгидромет" РМК 2023 жылғы 20 маусымындағы дауылды ескертуінің нкгізінде 21 маусым күні Жетісу облысының аумағында бұршақ жаууы және найзағай ойнауы күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 25 м/с. Сонымен қатар, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін Сіз "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі