Жетісу облысында мемлекеттік қызметшілер арасында І спартакиада өткізілді.

Жетісу облысында мемлекеттік қызметшілер арасында І спартакиада өткізілді.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Талдықорған қаласында Жетісу облысының мемлекеттік құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында І спартакиада өткізілді.

Спартакиаданың мақсаты: мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салауатты өмір салты мен рухын көтеруге жәрдемдесу.

         Спартакиада волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, Қазақша күрес және шағын футбол шағын сайыстарынан құралған.

І спартакиаданың қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері арасында келесі орындарға ие болды:

Волейболдан ТЖД құрама командасы - 3 орын

Шағын футболдан ТЖД құрама командасы - 4 орын

Қуандық Е. тоғызқұмалақтан - 1 орын

Амантай Қ. тоғызқұмалақ бойынша - 3 орын

Даутбек А. по «Қазақша күрес» - 3 орын

Нұрханов А. 50 метрге жүзуден - 2 орын.

Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған командалар мен қызметкерлер грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі