
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орман шаруашылығының қызметкерлерімен және ЖПҚ-мен бірлесіп, ат патрульдерінің құрамында мамыр мерекелерінде
кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Үгіт-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде демалушыларға өрт қауіпті кезеңдегі орманды-дала алқаптарында ӨҚЕ сақталуы бойынша талаптар мен нұсқаулықтар түсіндірілді, сондай-ақ "Ормандағы өрт қауіп сіздік ережелері” тақырыбында аншлаг-панолар орнатылды.
Бұдан басқа, өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап ТЖД, ЖПҚ, ЖАО және еріктілер ұйымдарының құрамынан 208 адамнан тұратын құрылған 71 - мобильді топ - 118 рейдтік іс - шара өткізді, оның нәтижелері бойынша 10 - адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (8 – айыппұл түрінде, сомасы - 237 мың 630 теңге).
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 5-тен 100 АЕК-ке дейінгі әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.