
Төтенше жағдай орын алған кезде әрбір адам өмірінің және материалдық шығындарына әкеп соғатындықтан, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықта боулын талап етеді. Осыған орай және 1 наурыз – Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелу шеңберінде Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшілері, азаматтық қорғау қызметтері және «Қазақтелеком» АҚ-мың мамандарымен бірлесіп, ауқымды жер сілкінісі бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – азаматтардың орын алған төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру, сонымен қоса авариялық-құтқару қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезіндегі олардың жұмысын пысықтау болып саналады.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласында 7 балдық жер сілкінісі салдарынан «Қазақтелеком» АҚ ғимараты ішінара жойылуға ұшырады, бірнеше адам үйінді астында және ғимараттың жоғары қабаттағы қылтимада қалып қояды. Зардап шеккендерді үйінділерден және ғимараттың қылтимасынан шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу қажет етеді. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық азаматтық қорғау қызметтері және «Қазақтелеком» АҚ-ңың авариялық-құтқару құралымдары тартылды.
Азаматтық қорғау қызметтері және құралымдарының өзара іс-қимыл арқасында, автобаспалдақтын көмегімен, жоғары қабаттағы қылтимадан 2 қызметкерді құтқарып алды. Сондай-ақ, «Шұғыл құтқару жасағы» кинологиялық қызметімен ғимарат ішінде қалып қойған немесе ес-түссіз қалған азаматтарға көмектесу мақсатында итпен іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Зардап шеккендерге «апаттар медицинасы орталығы» және «жедел жәрдем» қызметкерлері тарапынан қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Барлығы сейсмикалық жаттығуға:
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 5 бірлік техника мен 26 жеке құрам;
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасынан 2 бірлік техника 9 қызметкер;
Жетісу облысы Полиция департаментінен 3 бірлік техника 9 қызметкер;
Қызыл ай қауымдастығынан 1 бірлік техника 3 қызметкер;
«Қазақтелеком» АҚ-нан 4 бірлік техника 19 құралым қызметкерлері және барлық жұмыс персоналы жұмылдырылды.
- Департамент полиции области Жетісу - 3 ед. техники и 9 сотрудников;
- Общества красного полумесяца – 1 ед. техники и 3 сотрудника;
- АО «Казахтелеком» задействовано - 4 ед. техники 19 сотрудников формирований и весь рабочий персонал.