
Жетісу облысы ТЖД «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 14 қарашадағы, ағымдағы жылғы 16 қарашадағы дауылды ескертуі негізінде Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтілетінін ескертеді. 15-16 қарашада солтүстікте, таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі. Солтүстік пен шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыс жел, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с, 16 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с, екпіні кейде 23-28 м/с болады деп күтілуде.
Жетісу облыстық ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі