
2022 жылғы 29 қыркүйекте «Жетісу» ТРК-да Антон Хатеновскиймен «Бүгін» бағдарламасында тікелей эфир өтті, оған Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Дүйсенбекұлы Алтынбеков қатысты. Эфир барысында жылыту маусымына дайындық, жеке тұрғын үйлердегі өрттердің себебі, өртке қарсы қызмет қызметкерлерін кадрлық және әлеуметтік қамтамасыз ету және алдағы қысқы кезең сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтардан келіп түскен телефон қоңыраулары маңызды және оларды қызықтырған сұрақтарын қойып, К.Д. Алтынбеков толыққанды жауаптар берді. Жетісу облысының барлық азаматтарын ТЖД бастығының орынбасары және «Бүгін» бағдарламасының жүргізушісі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және жылыту кезеңіне өз пештерін дайындауға шақырды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі