
Жетісу облыстық ТЖД басшылығы жылыту маусымы қарсаңында "Жетісу-ОблГаз" ЖШС-не танысу сапарымен барды. Бұл ұйым "Пропан" - тұрмыстық газ баллондарын стационарлық құюмен және жеткізумен айналысады.
Жетісу облысының ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаровқа "Жетісу-ОблГаз" ЖШС өкілдері экскурсия ұйымдастырып, онда заманауи жабдықта газ баллондарын толтырудың технологиялық процесімен таныстырды. Өз кезегінде ТЖД басшылығы пропан газымен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берді.
Атап кету қажет, авто-газ құю станцияларында газ баллондарын толтыру қауіпті болып табылады, себебі авто-газ құю станцияларында баллонның герметикалығын, жарамдылығын, сондай-ақ олардың толтырылу дәрежесін тексеруге арналған жабдық жоқ.
Жетісу облыстық ТЖД газ баллондарының жарылысымен байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, азаматтарды газ баллондарын газды толтыратын арнайы мамандандырылған стационарлық станцияларда толтыруға шақырады.
Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі