Жетісу облысында + 35 градус қатты ыстық сақталуда

Жетісу облысында + 35 градус қатты ыстық сақталуда

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 31 тамыздағы дауылды ескертуі негізінде, 01 қыркүйек күні Жетісу облысының шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады.

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 02 қыркүйектегі дауылды ескертуі негізінде, 03-05 қыркүйекте Жетісу облысында +35 градус қатты ыстық сақталуда.

Жетісу облыстық ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- кең, ашық түсті киімді және жеңіл бас киімді киген дұрыс;

- өзіңізбен бірге бөтелкедегі суды алып жүріңіз;

- көшеде көлеңкеде жүруге тырысыңыз;

- қарт адамдар мен балаларға көп көңіл бөліңіздер;

- жоғары температураның әсерінен аулақ болыңыз.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі