Бейнеселекторлық жұмыс сабақ-кеңесі

Бейнеселекторлық жұмыс сабақ-кеңесі

2022 жылғы 23 тамызда Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен бірлесіп аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерімен әкімшілік практика және есепке алу-тіркеу тәртібінің қызметін ұйымдастырып, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер бойынша бейнеселекторлық жұмыс сабақ-кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде электрондық базалардағы жұмыс тәртібі бойынша мәселе қаралды. Олардың бірі - "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі". Жүйе тексерулердің барлық тексерілетін субъектілері мен объектілері туралы мәліметтерді, олардың тәуекел дәрежесін, бұрын жүргізілген тексерулердің бүкіл тарихын және олардың нәтижелерін қамтиды. Келесі мәселе "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" болды, ол 2021 жылдың 1 қаңтарында бұйрықпен бекітілген. Бұл-әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасаған адамдар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылған ақпараттық жүйе, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу электрондық нысанда жүзеге асырылады. Үшінші тармақта "Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі" қаралды. Бұл құжаттаманы сапалы жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыру кезінде іс жүргізу нормаларын бұзуға жол бермеу. Бұл тізілім сондай-ақ өрт туралы істер бойынша құжаттаманы сапалы жүргізуді және қылмыстық-құқықтық есептілік нысандарын дұрыс толтыруды қарастырады.

        462-бап бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді, онда мемлекеттік инспекция мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау делінген. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы жиырма айлық есептік көрсеткіш (АЕК 3063 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

        Қорытынды мәселе-облыстың аумақтық бөлімшелерінің 2022 жылдың екінші жартыжылдығына Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізуінің заңдылығы.

        Осындай форматтағы кездесулер азаматтық қорғау органдары бөлімшелері жеке құрамының жұмысына оң әсерін тигізеді, бұл сайып келгенде біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігінде көрініс табады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі