"Қазгидромет" РМК дауылды ескерту негізінде, жаңбыр мен ылғалды қар түріндегі қатты жауын-шашынның болжамына, сондай-ақ 2023 жылғы 22-24 ақпан аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты Жетісу облысында қарқынды қар еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, салдарынан су тасқыны болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жаланашкөл көлінің манында екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Жетісу облыстық ТЖД азаматтарды іргелес аумақтардағы арық желілері мен құбырлы өткелдерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту бойынша шаралар қабылдауға, сонымен қатар көрсетілген кезеңде және қарқынды қар еру кезеңінде тау жорықтарын жасамауды шақырады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі