Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге кеңес

Көктайғақ кезінде ЖКО, адам өлімін, жарақаттануды болдырмау үшін:

  • Көктайғақ кезінде жүргізушінің басты қателігі – күрт қозғалыс. Сырғанау кезінде тежегішті басуға болмайды! Қозғалыстың жаңа шарттарына кәсіби жүргізушіге де үйрену қажет және мұны көлік кептелісінде емес, қауіпсіз алаңда жасау қажет.
  • тежегішті үзіп-үзіп басыңыз, бұл машинаның сырғанаудан шығып түзелуіне мүмкіндік береді;
  • әрқашан төменгі берілісті қосуға әзір болыңыз: қозғалыстың көктайғақта тоқтауына өте тиімді. Бұл тәсілге міндетті түрде еркін кеңістікте дайындалыңыз;
  • көктайғақта немесе жауында бейтарап берілісте жүрмеңіз және ол берілісте тоқтауға мүлдем болмайды;
  • егер сіз артқы дөңгелегі жетекші автомобильден алдыңғы дөңгелегі жетекші автомобильге ауыссаңыз одан да абай болуыңыз қажет: осы автомобильдерде сырғанаудан шығу мүлдем әртүрлі – артқы дөңгелегі жетекші автомомбильде газ ақырындайды, ал алдыңғы дөңгелегі жетекші автомобильде – газ үдей береді;
  • кез келген өз қозғалысыңызда жол төсемінің сапасын бақылауыңыз тиіс. Бұл үшін кейде артқы жағында ешкім болмаса тоқтап көру керек, машина қандай дәрежеде тоқтайтынын бірден сезесіз.
  • Бұл жаяу жүргіншілерге қатысты: Аяқ киіміңізге назар аударыңыз: тайғанамайтын аяқ киім таңдаңыз. Биік өкше мүлдем алмаңыз.
  • Аяқ астына қарап жүріңіз, қауіпті жерден айналып өтіңіз.
  • Жолды кесіп өтетін бөлігінде өте абай болыңыз: асықпай, жүгірмей өтіңіз.
  • Қолыңыз мүмкіндігінше бос болуы тиіс, ауыр сөмке тасымаңыз, қолыңызды қалтаға салып жүрмеңіз – бұл жағдайда құлау мүкіндігін ұлғаяды.

 

 

Дата публикации
19 ноября 2025