Бұрқасын – көбінесе қар жауумен ұласатын желдің қарды ұйытқуы. Қатты бұрқасын (қарлы боран, аласапыран) қардың жауып тұрғанын немесе жердегі қардың желмен көтерілгенін айыру қиын бұрқасын. Қатты бұрқасында көрініс алыстығы бірнеше ондаған метрге дейін нашарлайды, желдің орташа жылдамдығы 15 м/с асады. Қатты бұрқасын бірнеше әдетте 12 сағатқа дейін жалғасады. Бұрқасын жолдарда қар құрсауымен – күртік қардың жиналуымен бірге болады. Бұрқасын кезінде сыртта жүріп үсік шалуы да ықтимал.
Қатты бұрқасын туралы ескерту алған кезде халықтың іс-қимылы:
- Теледидар немесе радио қабылдағышты қосыңыз, одан маңызды ақпарат алуыңыз мүмкін;
- Терезені қағаз таспамен желімдеңіз;
- Балкондардар мен терезе алдынан ауа ағынын ұстайтын заттарды алып тастаңыз;
- елді мекеннен тыс шығуға тырыспаңыз.
- Бұрқасын кезінде халықтың іс-қимылы
- Егер сіз ғимаратта болсаңыз:
- Қажет жағдайда ғана далаға шығыңыз;
- Егер ондай жағдай туындаса қайда қашан келетініңіз туралы отбасы мүшелеріне немесе көршілерге хабарлаңыз;
- Жалғыз-жарым жүрмеңіз.
- Егер сіз жолда болсаңыз:
- Тек үлкен жолдар мен шосселерде ғана қозғалыңыз;
- Машинадан түскенде одан алыстамаңыз;
- Ақаулық немесе көрініс нашар болған кезде жолдың жиегіне тоқтап, гуілдетіп дабыл сигналын беріңіз, капотты көтеріңіз немесе антеннаға ашық мата байлап қойыңыз, көмекті автомобильде күтіңіз. Моторды қосып қойыңыз, желдетіп тұру үшін және улы газдан улануды болдырмау үшінм терезені ашыңқырап қойыңыз.