Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылғы 9 айына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жағдайы бойынша қорытындысы

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында , департамент ұсынатын құжаттарды ресімдеуге немесе келісуге өтініш берушілерді негізсіз бас тарту болдырмау мақсатында "бір терезе қағидатын" іске асырады. Өтініштерді қабылдауды және "бір терезе" қағидаты бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді Құжаттамалық қамтамасыз ету және  мемлекеттік тілді дамыту тобы жүргізеді.

Департаментке Электрондық үкімет порталынан (ЭҮП) және Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде келіп түскен жолданымдарға уақтылы тіркеу жүргізіледі.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі–Департамент) бастығының бұйрығымен тоқсан сайын Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі бекітіледі ,онда азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау күндері көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша бекітілген кесте бойынша аптасына бес рет жүргізіледі. Келушілерді қабылдау кестесі келушілерді қабылдайтын басшы құрам тұлғаларының Т.А.Ә.  және қабылдау уақытын көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде көрінетін жерде ілінеді. Осыған ұқсас ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындада жарияланады және Департаменттің сайтында орналастырылады.

Бекітілген кестеге сәйкес, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі–Департамент) басшылығының азаматтарды қабылдауы апта сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады, келушілерді келу шамасына қарай қабылдайды.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Департамент басшылығымен бөлімше басшыларының тұрақты бақылауында.

Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу ЭҚАЖ "азаматтардың өтініштері" дерекқорында және Е-Өтіш ақпараттық жүйесінде арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудан негізсіз бас тарту фактілері тіркелген жоқ.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 458 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

жеке тұлғалардың өтініштері-401, заңды тұлғалар–57.

өтініштер-223

сұраулар-224

ұсыныс-5

шағым -6

олардың ішінде:

 қаралды-411

әкімшілік акт қабылданды-124

оның ішінде:

қолайлы Әкімшілік акт қабылданды - 113

 ауыртпалықты  Әкімшілік акт қабылданды-11

жолданым иесіне жауап берілді-232

тоқтатылды-55

қайта бағытталды-47

Департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардан 226 өтініш келіп түсті, оның ішінде:  

жеке тұлғалардың өтініштері-188,заңды тұлғалар-38.

өтініштер–144

сұраулар-79

шағым-1

ұсыныс-2

 олардың ішінде:

қаралды-202

Әкімшілік акт қабылданды-102

оның ішінде:

қолайлы Әкімшілік акт қабылданды-94

ауыртпалықты  Әкімшілік акт қабылданды -8

жолданым иесіне жауап берілді -92

тоқтатылды-8

қайта бағытталды-24

Өтініштердің көп көрсеткіші Талдықорған қаласының ТЖБ(94), Панфилов ауданының  (29) және Қаратал ауданының ТЖБ (24) және аз көрсеткіші  Көксу ауданының ТЖБ (7) және Сарқан ауданының ТЖБ (7) тіркелген.

Аудан бөлімдерінде келіп түскен өтініштер санының айырмашылығы аумақтық ерекшеліктер мен халық санының көптігіне байланысты. ТЖБ (Б) -ға келіп түскен аудандар мен қалалардың өтініштерінде өрт қауіпсіздігі мәселелері көтерілді (өрт-техникалық тексерулер жүргізу, өрт туралы растайтын анықтамалар  беру, тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау тәртібін түсіндіру және т.б.).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау тәртібін түсіндіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өтініштер мен жұмыста оң динамика байқалады. Өтініштерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер уақтылы қабылданады, орындау карточкаларын толтыру кезінде қабылданған шешімдер жауаптардың мазмұнына сәйкес көрсетіледі.

Дата публикации
09 октября 2025