Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтері №1 қосымшада.
Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерін тапсыру кезеңі 2025 жылдың 19 мамыр күні сағат 09.00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 211В (Талдықорған агро-техникалық колледжінің стадионында) мекен-жайында өткізіледі.