Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментіндегі 2024жылға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жағдайы бойынша қорытындысы

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында , департамент ұсынатын құжаттарды ресімдеуге немесе келісуге өтініш берушілерді негізсіз бас тарту болдырмау мақсатында "бір терезе қағидатын" іске асырады. Өтініштерді қабылдауды және "бір терезе" қағидаты бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді Құжаттамалық қамтамасыз ету және  мемлекеттік тілді дамыту тобы жүргізеді.

Департаментке Электрондық үкімет порталынан (ЭҮП) және Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде келіп түскен жолданымдарға уақтылы тіркеу жүргізіледі.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі–Департамент) бастығының бұйрығымен тоқсан сайын Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі бекітіледі ,онда азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау күндері көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша бекітілген кесте бойынша аптасына екі рет жүргізіледі. Келушілерді қабылдау кестесі келушілерді қабылдайтын басшы құрам тұлғаларының Т.А.Ә.  және қабылдау уақытын көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде көрінетін жерде ілінеді. Осыған ұқсас ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындада жарияланады және Департаменттің сайтында орналастырылады.

Бекітілген кестеге сәйкес, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі–Департамент) басшылығының азаматтарды қабылдауы апта сайын сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, келушілерді келу шамасына қарай қабылдайды.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Департамент басшылығымен бөлімше басшыларының тұрақты бақылауында.

Департаментте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу ЭҚАБЖ "азаматтардың өтініштері" дерекқорында және Е-Өтіш ақпараттық жүйесінде арқылы жүзеге асырылады.

2024 жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудан негізсіз бас тарту фактілері тіркелген жоқ.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 200 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

жеке тұлғалардың өтініштері-143, заңды тұлғалар–57.

өтініштер-116

сұраулар-62

ұсыныс-19

шағым -3

олардың ішінде:

 қаралды-165

әкімшілік акт қабылданды-78

қолайлы Әкімшілік акт қабылданды - 66

 ауыртпалықты  Әкімшілік акт қабылданды-12

жолданым иесіне жауап берілді-77

тоқтатылды-10

қайта бағытталды-35

Департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардан 191 өтініш келіп түсті, оның ішінде:  

жеке тұлғалардың өтініштері-172,заңды тұлғалар-19.

өтініштер–156

сұраулар-29

шағым-2

ұсыныс-4 олардың ішінде:

қаралды-153

Әкімшілік акт қабылданды-122,оның ішінде:

қолайлы Әкімшілік акт қабылданды-117

ауыртпалықты  Әкімшілік акт қабылданды -5

авторға жауап берілді-24

тоқтатылды-6

қайта бағытталды-39

Өтініштердің көп көрсеткіші Талдықорған қаласының ТЖБ( 72), Панфилов ауданының  (27) және Қаратал ауданының ТЖБ (18) және аз көрсеткіші  Көксу ауданының ТЖБ (5),Ақсу ауданының ТЖБ (6) және Сарқан ауданының ТЖБ (4) тіркелген.

Аудан бөлімдерінде келіп түскен өтініштер санының айырмашылығы аумақтық ерекшеліктер мен халық санының көптігіне байланысты. ТЖБ (Б) -ға келіп түскен аудандар мен қалалардың өтініштерінде өрт қауіпсіздігі мәселелері көтерілді (өрт-техникалық тексерулер жүргізу, өрт туралы растайтын анықтамалар  беру, тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау тәртібін түсіндіру және т.б.).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау тәртібін түсіндіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өтініштер мен жұмыста оң динамика байқалады. Өтініштерді қарау қорытындылары бойынша шешімдер уақтылы қабылданады, орындау карточкаларын толтыру кезінде қабылданған шешімдер жауаптардың мазмұнына сәйкес көрсетіледі.

2024 жылдың өткен кезеңінде "Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" РММ-ң  2 қызметкері ескерту және сөгіс түрінде және  "Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" РММ-ң 1 қызметкері ескерту  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Дата публикации
19 марта 2025