Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 14 - 27 ақпан аралығында (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде).
Лауазымдар:
Лауазымдық міндеттері: Қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адам өмірі мен мүліктерді құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153432-00 теңге.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының
жасы 18 жастан бастап және 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17 - бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Ш.Уәлиханов көшесі № 179 үй БСН: 220740046662, индекс /040000/, анықтама телефоны: (8-7282) 32-20-77, электрондық мекен-жайы: ok_dchs_zhetisu@emer.kz
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиясымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.