Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бос лауазымдарына орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 16 - 29 қаңтар аралығында (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде).
Лауазымдар:
Жүргізушінің лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.
Жүргізуші лауазымының іріктеуіне қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар. Жүк автокөліктерінде 3 жылғы тәжірибесі болу керек. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: жүргізуші - C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153432-00 теңге.
Іріктеулік комиссия жұмысының ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Іріктеулік комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алды.
Байқаушы ретінде іріктеулік комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр бөліміне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17 - бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Ш.Уәлиханов көшесі № 179 үй БСН: 220740046662, индекс /040000/, анықтама телефоны: (8-7282) 32-20-77, электрондық мекен-жайы: ok_dchs_zhetisu@emer.kz
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиясымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.