Хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі пошта индексі 040000, Талдықорған қаласы,  Ш. Уәлиханов көшесі №179, электрондық пошта ok dchs_zhetisu@emer.kz, ақпарат үшін ұялы телефон 8(7282) 32-20-77, азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды.

  1. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы (санаты - С-SVО-4 оклад-251 474,37)- 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етеді.  Бөлім жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады, жоспарлы
іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылайды. Төтенше жағдайлар органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мазмұнын, ТЖМ және ТЖД басшылығының шешімдері мен нұсқауларын Бөлім қызметкерлерінің назарына жеткізуді, олардың зерделенуін және күнделікті қызметте орындалуын ұйымдастырады. Қызметкерлердің өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарын орындау процесінде нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылайды. Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Бөлімде атқарушылық тәртіптің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. ТЖД ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін құруды, дамытуды және практикалық іске асыруды үйлестіреді. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс құру, дамыту, жай-күйін бақылау, пайдалануды ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс техникалық және бағдарламалық жарақтандыруды құру және үйлестіру бойынша ТЖД қызметін қамтамасыз ету. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс мәселелері бойынша ТЖД құрылымдық және ведомстволық бағынысты Бөлімлерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. ТЖД ведомстволық бағынысты ұйымдарының техникалық және бағдарламалық жабдықталуын үйлестіру. Техникалық ерекшеліктерді дайындау және қолданыстағы аумақтық құлақтандыру жүйесіне техникалық-пайдалану қызметін көрсетуге шарттар жасасуды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі, Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарында болған, сондай-ақ еңбек өтілі:

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;

2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;

5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланғаннан келесі жұмыс күннен соң 5 (бес) жұмыс күн ішінде Талдықорған қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі №179 мекен-жайында (Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті  кадр саясаты басқармасына) жергілікті сағатпен 09.00.ден бастап 18.00 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

  

Дата публикации
02 декабря 2024