«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 2 қазан 15 қазан аралығы (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде).
Лауазымдар:
Радиотелефонисттің лауазымдық міндеттері: Қарауылдық қызметке қатысу, өрт және басқа да төтенше жағдайлар жөнінде хабарламаларды қабылдау және өңдеу.
Радиотелефонист лауазымының іріктеуіне қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта.
Ер азматтар үшін Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы: C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153432-00 теңгеден бастап.
Іріктеулік комиссия жұмысының ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Іріктеулік комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алды.
Байқаушы ретінде іріктеулік комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр бөліміне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17 - бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі № 4/4 үй
БСН: 240240016110, индекс /040800/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: spasr_zhetisu@emer.kz
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиясымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.