ҚР ТЖМ Жетісу облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 28мамыр - 10маусым аралығы (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде).

Лауазымдар:

  1. Алакөл ауданы Достық бекетіндегі № 10 – өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 1 бірлік.

Жүргізушініңлауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.

Жүргізуші лауазымының іріктеуіне қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар. Жүк автокөліктерінде 3 жылғы тәжірибесі болу керек. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: жүргізуші - C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153432-00 теңге.

Іріктеулік комиссия жұмысының ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Іріктеулік комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алды.

Байқаушы ретінде іріктеулік комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр бөліміне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17- бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасының Заңының 12- бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.

Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй
БСН: 240240016110, индекс /040800/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: spasr_zhetisu@emer.kz

Қажетті құжаттардың тізбесі:

  • 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының
    2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы
    Білім туралы құжаттарды тану қағидаларынасәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар;
  • 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
  • әскери билет немесетіркеукуәлігі;
  • ҚазақстанРеспубликасыЕңбеккодексінің 35-бабынасәйкескандидаттыңеңбекқызметінрастайтынқұжаттар (бар болса);
  • 3х4 көлеміндегітүрлі-түстіфотосуреттер (6 дана);
  • кандидат пен оныңжұбайының (зайыбының) "Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңынасәйкескірістері
    мен мүлкітуралыдекларациянытұрғылықтыжерібойыншамемлекеттік
    кірісоргандарынаұсынғанынрастайтынқұжаттар;
  • 3-қосымшағасәйкеснысанбойыншакандидаттыңсауалнамасы;
  • 4-қосымшағасәйкеснысанбойыншакадрлардыесепкеалужөніндегіжекеіспарағы.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну,іріктеу комиссиясымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Дата публикации
28 мая 2024