ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі пошта индексі 040000, Талдықорған қаласы,  Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, құрылыс 4/4, А блогы, электрондық пошта ukp_spasr_zhetisu@emer.kz, ақпарат үшін ұялы телефон 8(7282) 41-26-59, азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды.

  1. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі республикалық мемлекеттік мекемесінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің бастығы (санаты - С-SGU-10 оклад-206736)- 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Бөлімше қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етеді.  Бөлімше жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады, жоспарлы
іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылайды. Төтенше жағдайлар органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мазмұнын, ТЖМ және ТЖД ӨС және АҚЖҚ басшылығының шешімдері мен нұсқауларын Бөлімше қызметкерлерінің назарына жеткізуді, олардың зерделенуін және күнделікті қызметте орындалуын ұйымдастырады. Қызметкерлердің өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарын орындау процесінде нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылайды. Бөлімшеге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Бөлімшеде атқарушылық тәртіптің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. ТЖД ӨС және АҚЖҚ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін құруды, дамытуды және практикалық іске асыруды үйлестіреді. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс құру, дамыту, жай-күйін бақылау, пайдалануды ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс техникалық және бағдарламалық жарақтандыруды құру және үйлестіру бойынша ТЖД ӨС және АҚЖҚ қызметін қамтамасыз ету. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс мәселелері бойынша ТЖД ӨС және АҚЖҚ құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру. ТЖД ӨС және АҚЖҚ ведомстволық бағынысты ұйымдарының техникалық және бағдарламалық жабдықталуын үйлестіру. Техникалық ерекшеліктерді дайындау және қолданыстағы аумақтық құлақтандыру жүйесіне техникалық-пайдалану қызметін көрсетуге шарттар жасасуды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі, Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарында болған, сондай-ақ еңбек өтілі:

1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланғаннан келесі жұмыс күннен соң 5 (бес) жұмыс күн ішінде Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, құрылыс 4/4, А блогы мекен-жайында («Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі республикалық мемлекеттік мекемесінің» кадр және тәрбие жұмысы бөліміне) жергілікті сағатпен 09.00.ден бастап 18.00 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

Дата публикации
22 апреля 2024