«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 19 сәуір - 3 мамыр аралығы (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде).
Лауазымдар:
Лауазымдық міндеттері: Қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адам өмірі мен мүліктерді құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153432-00 теңге.
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының
жасы 18 жастан бастап және 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17 - бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі № 4/4 үй
БСН: 240240016110, индекс /040800/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: spasr_zhetisu@emer.kz
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиясымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.