Жетісу облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 21 ақпан мен 6 наурыз аралығы (хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде)

Лауазымдар:

  1. Талдықорған қаласындағы № 1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 1-бірлік.
  2. Алакөл ауданы Достық бекетіндегі № 10 өрт сөндіру бөлімінің
    өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 1-бірлік.
  3. Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінің
    өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 1-бірлік.
  4. Сарқан ауданы Лепсі ауылындағы № 16 өрт сөндіру бекетінің
    өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 1-бірлік.
  5. Ақсу ауданы Қапал ауылындағы № 18 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, 2-бірлік.

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерінің лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобильімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу.
Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C-SV-13 санаты бойынша еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95917-00 теңге.

Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының
жасы 18 жастан бастап және 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С және оданда басқа санатты жүргізуші куәлігі бар (жүргізуші лауазымына міндетті түрде).
Жүк автокөліктерінде 3 жылғы тәжірибесі болу керек. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.

Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар, сондай-ақ 17 - бапқа сәйкес қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді
және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адамдар құқық қорғау органдары қатарына қызметке қабылданбайды.

 

Заңының 6 - бабының 2-тармағы

 

6-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру шарты

  1. Құқық қорғау қызметіне:

      1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;

      2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген.

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 - бабы

 

17-бап. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер

  1. Қызметкердің:

      1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктерді құруға;

      2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

      4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

      5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;

      6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

      7) лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;

      8) пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға;

      9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардағы өзінің меншігіндегі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті құқық қорғау қызметін өткеру уақытына сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті, бұған өзіне заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын нотариат куәландыруға тиіс.

      Қызметкердiң сенiмгерлікпен басқаруға берiлген мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар түрінде табыс алуға, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыстар алуға құқығы бар.

  1. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауапкершілік осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен белгіленеді.

 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"

Қазақстан Республикасының Заңының 12 – бабы

 

12 бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

      1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

      2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

      3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

      4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;

      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

  1. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
  3. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
  4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді алуға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, құқылы емес.

      Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

  1. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

      Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.

      Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

 

Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі № 4/4 үй
БСН: 220740047016, индекс /040800/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: spasr_zhetisu@emer.kz

Қажетті құжаттардың тізбесі:

  • 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының
    2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы
    Білім туралы құжаттарды тану қағидаларынасәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар;
  • 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабынасәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
  • 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
  • кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес кірістері
    мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік
    кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
  • 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
  • 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жарияланды
Дата публикации
21 февраля 2023