Бос лауазымдарға орналасуға бастапқы даярлыққа іріктеу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ

 

БСН: 220740047016, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй, индекс /040000/, анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: ukp_spasr_zhetisu@emer.kz.

Қысқаша сипаттама: «Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 11-24 қаңтар аралығында.

Бос лауазым атауы: өрт сөндіруші-құтқарушы.

Лауазымдық міндеттері: Карауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адам өмірі мен мүліктерді құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

Жалақы мөлшері:  (Еңбек сіңірген жылдарына байланысты) 95 918 (тоқсан бес мың тоғыз жүз он сегіз) тенге.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған, құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулермен және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен танысқан азаматтар.

Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй.

Қажетті құжаттардың тізбесі:(қажетті құжаттар толық көрсетілуі тиіс)

1) Бекітілген нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

4) Бекітілген нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) Бекітілген нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) Бекітілген нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, іріктеу комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Өрт сөндіруші-құтқарушы бос лауазымының орналасқан жері мен бірлік саны:

  1. Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы №6 өрт сөндіру бөлімі - 1-бірлік;
  2. Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімі - 3-бірлік;
  3. Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы № 8 өрт сөндіру бөлімі - 2-бірлік;
  4. Алакөл ауданы Достық бекетіндегі № 10 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік;
  5. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы № 13 өрт сөндіру бөлімі –
    8 бірлік;
  6. Алакөл ауданы Қабанбай ауылындағы № 15 өрт сөндіру бекеті –
    13 бірлік;
  7. Сарқан ауданы Лепсі ауылындағы № 16 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік;
  8. Ақсу ауданы Қапал ауылындағы № 18 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік.

 

Дата публикации
10 января 2023