
Қанат Алтынбеков 1979 жылғы 30 шілдеде Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «инженер-электрик» және «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек қызметін Алматы облысындағы өртке қарсы қызметтің Текелі қаласындағы №24 өрт сөндіру бөлімінде инспектор лауазымында бастады"
2010 жылдан 2012 жылдар аралығында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдердің бастығы қызметін атқарды.
Кейін мансабын 2013 -2021 жылдар аралығында Алматы облысы ТЖД басқармаларының бастығы лауазымында жалғастырды.
2022–2025 жылдары — Жетісу облысы және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Жетісу облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.
Ведомстволық наградалар:
- "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін" I, II, III дәреже;
- "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін " төс белгісі.