GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Жуалы ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Б. Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №16 кәсіптік колледж ұжымымен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Практикалық сабақ барысында өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларына, адамдарды эвакуациялау тәртібіне, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Іс-шараның ұйымдастырылуы мен маңыздылығы жөнінде бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Қ. Мықтыбеков атап өтті.

Осындай бірлескен іс-шаралар өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ білім беру нысандарындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД

Кадр саясаты
23 октября 2026
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің бос лауазымына үміткерлерді алғашқы кәсіптік  даярлыққа іріктеу үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН қатысушылардың тізімі
  1. Алтаев Шакарим Абубакирұлы;
    2. Асылбекұлы Рауан;
    3. Иманбек Нұрсұлтан Амангелдіұлы;
    4. Қасым Азамат Қуатұлы;
    5. Конаев Серік Батырбекович;
    6. Күзенбек Нұрғиса Мұхамеджанұлы;
    7. Манапов Избасар Манапович;
    8. Мамыр Руслан Ерланұлы;
    9. Назиров Муратбек Уазирович
    10. Сейсенбек Руслан Мақсатұлы;
    11. Сулейменов Олжас Алдабергенұлы;
    12. Тұрарұлы Нұржігіт.
     Жамбыл облысы ТЖД
ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Шу ауданында автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында автокөлік жүргізушілері арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жүргізушілерге автокөліктің электр сымдарының жарамдылығын тексеру, жанар-жағармай жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу шараларын сақтау және көлікте өрт сөндіргіш құралдың болуы қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар автокөлікте өрт белгілері байқалған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтап, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажеттігі ескертілді.

ТЖМ жүргізушілерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады!

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Ақкөл ауылында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Ақкөл ауылындағы №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жылыту маусымына байланысты тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға өрттің алдын алу, жылыту пештерін дұрыс пайдалану, электр құралдарын қауіпсіз қолдану және өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғын үйлерге улы газ датчиктері орнатылып, олардың өртті ерте анықтаудағы маңызы түсіндірілді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрттердің алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Жуалы ауданында базарда өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Б. Момышұлы ауылындағы «Айдана» жабық базарында өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты - өрт туындаған жағдайда өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетін пысықтау, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау және өртті сөндіру дағдыларын жетілдіру.

Жаттығу барысында өрт сөндіру автокөлігін орналастыру, күштер мен құралдарды жұмылдыру, өрт сөндіру жабдықтарын қолдану және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Таза ауадағы жаттығу – кәсіби дайындықтың негізі

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Жаңатас қаласындағы №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен таза ауада дене шынықтыру жаттығулары өткізілді.

Жаттығудың мақсаты – қызметкерлердің физикалық дайындығын арттыру, күш-қуаты мен төзімділігін дамыту, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету қабілетін жетілдіру.

Жаттығу барысында жеке құрам дене шынықтыру жаттығуларын орындап, физикалық дайындығын шыңдады.

Жоғары дене дайындығы – қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
«Шу мұнай өнімдері» ЖШС нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Шу мұнай өнімдері» ЖШС нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын арттыру, жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру және өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау.

Жаттығу барысында шартты өртті оқшаулау және сөндіру, күштер мен құралдарды тиімді пайдалану, сондай-ақ нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өрт болған жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
Имидждік материалдар
23 октября 2026
Жуалы ауданында құтқарушылар таза ауада жаттығу жасады

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында №7 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы тыныс алу органдарын қорғауға арналған жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, таза ауада дене шынықтыру жаттығуларын орындады.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын нығайту, дене дайындығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тұрақты жаттығулар құтқарушылардың төзімділігі мен күшін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге дайын болуына ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД

Имидждік материалдар
23 октября 2026
Адал қызмет – абыройлы еңбек

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Абилеков Мұрат Биназарұлы зейнет демалысына шықты.

Ол азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2002 жылы бастап, өрт сөндіру және төтенше жағдайларды жою жұмыстарына белсене қатысты.

2021 жылы Байзақ ауданындағы жойқын жарылыс кезінде өрт сөндірушілер қатарында болып, ерлік пен батылдық танытты. Осы еңбегі үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Мұрат Биназарұлының көпжылдық адал қызметі мен кәсіби тәжірибесі әріптестері үшін үлгі болып қала бермек.

Жамбыл облысы ТЖД

Имидждік материалдар
23 октября 2026
Жамбыл облысында Құтқарушылар күні мен Республика күні аталып өтті

Жамбыл облысында Құтқарушылар күні мен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері, сала ардагерлері және шақырылған қонақтар қатысты. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Азаматтық қорғау қызметкерлерін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен ТЖД бастығы, полковник Арман Токанов құттықтады.

Адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар ТЖД қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, сондай-ақ арнайы атақтармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

@112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы