Шақыртуға толы 3 тәулік

Шақыртуға толы 3 тәулік

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің «101», «112» телефон нөмірлеріне 3 тәулік ішінде төмендегідей қоңыраулар келіп түсті:

04.09.2020 жылы сағат 16.54-те  Қордай ауданы, Кенен ауылы, Сейтов көшесіндегі тұрғынүйдің ауласында 2500 түк шөптің өртенгендігі жөнінде хабарлама келіңп түскен. Оқиға орнына Қордай ауданы №17 Отар ауылы Өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары шыққан.  Өрттің ауданы  150 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан 2500 түк (37 тн) шөп жойылды. Өрт сағат  17.44-те ауыздықталып,  сағат 18.36-да жойылды.

05.09.2020 жылы сағат 17.59-да Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Исмаилов көшесіндегі тұрғынүйдің ауласында шөпхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.  Өрт ауданы 50 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан шөпхана және шөпхана ішінде жиналған 100 түк (1,5 тонна) шөп жойылды. Оқиға орнына Меркі ауданы №9 Өрт сөндіру бөлімінің от жауынгерлері шыққан және өрт сағат 19.03-те ауыздықталып, сағат 19.30 жойылған.

05.09.2020 жылы сағат 18.19-да  Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Қосанов көшесіндегі тұрғынүйдің ауласында шөпхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Өрт ауданы 120 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына №9 ӨСБ    2-бөлімі шыққан. Өрт салдарынан 610 түк (12 тонна) шөп жиналған шөпхана  және көрші орналасқан үйдің шөпханасы 480 түк (9,6 тн)  шөбімен жойылды. Өрт сағат 20.00-де ауыздықталған және сағат 23.17 жойылған.

06.09.2020 жылы сағат 13.38-де  Қордай ауданы, Қордай ауылы, Чомыш көшесінде орналасқан «Иманбаев» ЖК ауласында жиналған шөптің өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №15 Өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 8 адам шыққан.  ­Өрт ауданы  600 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 15.05-те ауыздықталып, сағат 22.45-те жойылған. Өрт салдарынан жиналған 13 мың түк (195 тонна) шөп жойылды.

06.09.2020 жылы сағат  17.28-де Т.Рысқұлов ауданы, Сөгетті ауылы, Тоқтаров көшесі №39 үйдің ауласында сарайдың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №10 өрт сөндіру бөлімінен 1 дана техника мен 3 адам жеке құрам шығып өрт сөндіру жұмыстарын атқарған. Өрт ауданы 55 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 19.17-де ауыздықталып, сағат 20.00-де жойылған. Дегенмен өрт салдарынан сарай жойылды.

Сонымен қатар аптаның соңғы күндері, яғни 3 тәулік ішінде Жамбыл облыстық өрт сөндіруші-құтқарушылармен өртке 4 рет, қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғаларына 13 рет, апаттық-құтқару жұмыстарына 5 рет, тұрғындардың үйлерінің есігін ашып беру үшін 6 рет, сондай-ақ расталмаған жану оқиғасына 1 рет шыққан.  Осыған орай облыс және қала тұрғындарынан өрт оқиғасының туындауына жол бермей, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларын ескертеміз. Ал өрт оқиғасы туындаса 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне қоыңрау шалу қажеттігін естен шығармауларыңызды сұраймыз.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы