
2025 жылдың 17 наурызында "ҚАЗПОЧТА" АҚ Жамбыл облысы филиалы ғимаратында Сарысу ауданы ТЖБ Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт-тактикалық сабақ өтті.
Сабақ соңында жеке құраммен ғимараттың тактикалық ерекшеліктері зерделеніп, орталық қызметкерлеріне өрт туындаған жағдайда атқарылуы тиіс алғашқы іс-қимылдар түсіндірілді. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД