Жамбыл облысында 30 тонна шөп өртенді

Жамбыл облысында 30 тонна шөп өртенді

 Шөптің жануы, шөпханалардағы өрттер - Жамбыл облысының өрт сөндірушілері тап болатын жыл сайынғы мәселе. Дайындалған ауыл шаруашылығы азығы санаулы минуттарда отпен жойылады. Көбінесе өрттер жеке үй иелерінің кінәсінен болады, олар шөпті сақтау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзады, отты абайсыз қолданады немесе балалардың сіріңкемен ойнауын елемейді. Мұндай өрттер қауіпті, өйткені олар көрші үйлерге, шаруашылық құрылыстарға таралуы мүмкін.

Мысалы, ағымдағы жылдың 20 тамыз күні сағат 08:10-да Талас ауданы, Есей хан ауылы, Есей хан көшесіндегі үйдің аумағында шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Талас ауданы № 12 Өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Өрт салдарынан 1500 шөп (30 тонна) жойылды. Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт 09 сағат 06 минутта оқшауланып, 13 сағат 40 минутта жойылып, өрт апатының жақын орналасқан шаруашылық құрылыстарына және тұрғын үй-жайларға таралуына жол бермеді. Өрт себебі мен шығыны анықталуда.

Өрт сөндірушілер облыс тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшыларына тағы да ескертеді:

- пішендеу аумағы жанғыш қоқыстардан тазартылып, қоршаумен қоршалуы немесе мүмкіндігінше су көздерінің жанында орналасуы тиіс;

- маялардан электр беру желісіне дейінгі қашықтық 15 метрден кем емес, жолдарға дейін 20 метрден кем емес, ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрге маялар орналастыруға болмайды;

- тұрғын үй құрылыстарына жақын орналасқан қоралардың төбесіне шөп жинауға, сондай-ақ өтетін жолдар мен өтпе жолдарды үйіп тастауға жол берілмейді.

- оттың тұрғын үйлерге өтуіне жол бермеу мақсатында, елді мекендер мен жеке тұрған қыстақтарды жырту қажет.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін және өз еңбектеріңізді сақтаңыздар!

 

Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы