
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарга арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес, Тараз қаласы Әкімінің қолдауымен, қала аумағында шомылуға рұқсат етілмеген орындарда, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» мекемесі есебінен 10 қоғамдық құтқарушы күнделікті қызмет атқаруда. Олар суға шомылу маусымының басынан бастап тартылды және аяқталғанға дейін жұмыс істейтін болады. Олардың басты міндеттері шомылуға рұқсат етілмеген орындарда қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру.
Тараз қаласы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Айтжанов