
Меркі ауданының Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің күн тәртібіне сәйкес өтудегі күні еді. Бөлімнің бақылау өткізу пунктінде кезекші №1 қарауылдың қызметкері Б. Тонбаев тұрды. Қалған жеке құрам бөлімнің ауласын көгалдандыру бойынша әкімшілік-шаруашылық жұмыстар атқаруда еді. Кенеттен өрт сөндіру бөлімінің сол жағында Сағыналы Омарходжаев көшесі №12/1 көршілес тұрғын үйден көмек сұрап айқайлаған жанды дауыс естілді. Оны байқаған бөлім бастығы Абдраимов Асхат Анашұлы жеке құрамды мән жайды білуге жіберді. Оқиға орнына: №9 өрт сөндіру бөлімнің бастық орынбасары Мырзахан Бауырбек Мұратұлы, бөлімше командирі Карибаев Еділхан Биданович, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері Бекнұр Ғалымұлы Тонбаев және Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Шашубай Бауыржан Үсенұлы барды.
Қызметкерлер көрші тұрғын үйге келген уақытта жасы шамамен 60-67 жас аралығындағы қария кісі шашалып, есін білмей талу үстінде жатты. Қасында көмекке шақырған келіні не істерін білмей сасқалақтап, айқайлап жылап отыр еді. №9 өрт сөндіру бөлімнің бастық орынбасары Мырзахан Бауырбек Мұратұлы мән жайды көре сала жедел жәрдем шақырды. Науқастың касындағы туысына сабыр сақтау керекігін айтып, психологиялық көмек көрсетті. Жүргізуші Бекнұр Ғалымұлы Тонбаев, еш саспастан, ас үйдегі үстелден қасықты алып, тілін шығаруға кірісті. Жоғары көлемде сілекей мен қан бөлу кезінде тұншығып қалмау үшін бір жақ қырына қарай жатқызып, саусағының шайнағанына қарамастан жақ сүйегін ашып, тілін шығарып, еркін тыныс алуына ықпал етті. Қария кісі есін жйып, көзін ашты. Б. Шашубай мен парамедик куәлігі бар Е.Карибаев ауырған кісіге алғашқы көмек көрсетті. Сол сәтте жақын маңдағы Сарымолдаев ауылдық округінің дәрігер қызметкерлері де келіп жетті. Науқастың қан қысымы шамадан тыс көтерілгенін өлшеп өз жұмыстарына кірісті. Артынша Аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдемі де келді. Науқасты жедел жәрдем қызметінің автокөлігіне жеткізілуіне №1 қарауылдың қызметкерлер көмегін көрсетті. Қазіргі таңда жағдайы жақсы және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғысын айтуда. Қызметкерлердің бірлескен жұмысының және бөлімнің жауынгерлік дайындығының медициналық даярлық сабағын жетік меңгерунің арқасында ойда жоқта бір адамды өлімнен арашалап қалды.