Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жағары басшы құрамның арнайы шендерді беру рәсімі өткізілді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жағары басшы құрамның арнайы шендерді беру рәсімі өткізілді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жоғары басшы құрамның арнайы кезекті шендерін салтанатты түрде беру рәсімі өткізілді.

Салтанатты іс-шараны Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Р.Орынбеков ашты. Департаменттің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Бакжанов           ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекті арнайы атақ беру туралы бұйрығын жеке құрамға таныстырды. Полковник Р.Орынбеков жаңадан аға басшы құрам шендерін алған қызметкерлерді Департамент басшылығы атынан құттықтап, шендерді ұсынды.

Аталған іс-шараға Департаменттің аппарат қызметкерлері және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы қатысты.                                                                    

 

Жамбыл облысының ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы